04
июль
2024
«Табиғатты аялаймыз, қорғаймыз, аясында серуен құрып ойнаймыз!» топ серуені өткізілді
04 шілде "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес «Экологиялық» бағыт бойынша іс-шаралар өткізілді. Лагерь «Жаттығу жаса, бой сергіт!» бой жазу жаттығуларынан басталды. Таңғы ас берілді. Балаларды экологияны таза ұстауға, қоршаған ортаны аялау мақсатында «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем!» тақырыбында түрлі шаралар өткізілді. «Табиғатты аялаймыз, қорғаймыз, аясында серуен құрып ойнаймыз!» топ серуені өткізілді. Балалар тәрбиешілермен бірге табиғат аясына көкке шықты. Ойын ойнап, би биледі. Серуен соңында қоршаған ортаны тазалап, өз отырған жерлерін қалдықтардан тазалады.
Күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге тарқасты.
Күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге тарқасты.









