21
март
2025
Қош келдің, әз Наурыз!
Көктемнің жарқын мерекесі-Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Мектебіміздің балабақша, кіші орталық, мектеп алды даярлық топтары, 1-11 сынып оқушылары Наурыз мейрамына орай "Қош келдің, әз Наурыз!" атты мерекелік іс-шараға ауыл-ауыл болып бөлініп, наурыз мерекесін тойлады. Мереке барысында салт-дәстүрден көрініс назарға ұсынылып, қазақ халқының ұлттық ойындарынан үзінді көрсетіліп, халқымыздың әдет-ғұрыптары насихатталды, көңілді ән шырқалып, би биленді.
#nauryznama2025
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_жарма
#nauryznama2025
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_жарма








