08
июль
2024
«Азаматтық-патриоттық» бағыт бойынша 6-шілде Астана күні мейрамына орай іс-шаралар өткізілді
08 шілде "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес «Азаматтық-патриоттық» бағыт бойынша 6-шілде Астана күні мейрамына орай іс-шаралар өткізілді. Лагерь «Жаттығу жаса, бой сергіт!» бой жазу жаттығуларынан басталды. Таңғы ас берілді. Балалар тәрбиешілер, үйірме жетекшілерімен бірге қалалық мәдениет үйіне мерекелік іс-шараны тамашалауға барды. Іс-шарада Астана қаласына қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, тәттілерге ие болды. Мерекелік іс-шарадан кейін мектепке оралып, «Астана-арман қала» тақырыбында топтық тапсырмалар орындап, тәрбиешілер тарапынан Астана қаласы жайында бейнематериал көрсетіліп, анықтама берілді.
Күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге тарқасты.
Күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге тарқасты.









