03
июль
2024
«Сәнқой қыздар, қайратты ұлдар!» тақырыбында байқау өткізілді
03 шілде "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес «Көркемдік-эстетикалық» бағыты бойынша іс-шаралар өткізілді. Лагерь «Жаттығу жаса, бой сергіт!» бой жазу жаттығуларынан басталды. Таңғы ас берілді. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Сән әлемінде» күні өткізілді. Осы күнге орай «Сәнқой қыздар, қайратты ұлдар!» тақырыбында байқау өткізілді. Балалар тәрбиешілермен бірлесіп әртүрлі пакеттардан, салафандардан, қағаздардан, маталардан көйлек жасады. Балалар көйлектерін киіп, сахнаға шығып сән үлгісін көрсетті. Топта балаларға кинотеатр форматында мультфильм көрсетіліп, попкорн берілді.
Күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге тарқасты.
Күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге тарқасты.









