28
июнь
2024
«Интеллектуалды-танымдық» бағыты бойынша «Ғажайыптар» күні өткізілді
28 маусым "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес «Интеллектуалды-танымдық» бағыты бойынша «Ғажайыптар» күні өткізілді. Лагерь «Жаттығу жаса, бой сергіт!» бой жазу жаттығуларынан басталды. Таңғы ас берілді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында "Қазынаны тап" ойыны өткізілді. Лагерь тәрбиешісі балаларға ең алдымен қазынаны іздеуге карта ұсынды. Сол арқылы балалар тоғайлардың арасынан бағыттаушы тапсырманы шешіп, белгіленген жерлерге барып тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, жасырылған қазынаны тауып, тәттілерге ие болды. Іс-шарадан кейін жоспарға сәйкес үйірме жұмыстары жүргізілді. Балалармен күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге тарқасты.









