27
июнь
2024
«Көркем-эстетикалық» бағыты бойынша «Жас суретшілер» күні өткізілді
27 маусым "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес «Көркем-эстетикалық» бағыты бойынша «Жас суретшілер» күні өткізілді. Лагерь «Жаттығу жаса, бой сергіт!» бой жазу жаттығуларынан басталды. Таңғы ас берілді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялдарына ерік беру мақсатында "Түрлі-түсті арман" суреттер байқауы өткізілді. Балалар әйнекке, А4 қағазға, шеңберге, киімдеріне, салафандарға өздерінің суреттерін салып, қол іздерін қалдырды. Іс-шарадан кейін жоспарға сәйкес үйірме жұмыстары жүргізілді. Балалармен күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге тарқасты.









