13
июнь
2024
"Табиғат тамашалары" атты ортақ іс-шара жүргізілді
13 маусым "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес " Экологиялық" бағыты бойынша "Жасыл желек" күні бой жазу жаттығуларынан басталып, таңғы астарын ішіп, "Табиғат тамашалары" атты ортақ іс-шара жүргізілді. Табиғат аясына серуенге шығып, өсімдіктердің әлемімен танысып таза ауада ойындар ойналып, қызықты тапсырмалар беріліп, өздерінің ой-қиялдарымен суреттер салып сайысқа түсті. Топ арасында "Күн шуақ" тобында "Жасыл аула" тақырыбында мектеп жанындағы гүлдерді тазалап, суғару жұмыстары жүргізілді. "Жұлдыз" тобында "Тәуелсіздік" бейнефильмі көрсетілді. Жоспарға сәйкес үйірме жұмыстары жүргізіліп, түскі астарын ішіп, таза ауада қызықты ойындар ойнатылды.









