17
июнь
2024
"Жұлдыздарға саяхат" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды
17 маусым "Балдәурен" жазғы демалыс лагері " Ғарыш технологиялары" бағытында Жас ғалым "Жұлдыздарға саяхат" тақырыбында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалар таңғы бой жазу жаттығуларын жасап, таңғы асқа барды. " Күн шуақ" тобында "Батырлар жолы" тақырыбында сұрақ-жауап ойыны жүргізілді. "Жұлдыз" тобында "Ойнайық та ойлайық" тақырыбында интелллектуалды ойын сайыс түрінде өтті. Балалар орталық кітапханаға саяхаттап, уақыттарын көңілді де тиімді өткізе білді. Жоспарға сәйкес үйірме жұмыстары жүргізіліп, балалар түскі астарын ішіп үйлеріне қайтты.









