12
июль
2024
«Қош бол, Балдәурен!» лагердің жабылу салтанаты өткізілді II ауысым
12 шілде "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес «Рухани-адамгершілік» бағыты бойынша «Қош бол, Балдәурен!» лагердің жабылу салтанаты өткізілді. Лагерь «Жаттығу жаса, бой сергіт!» бой жазу жаттығуларынан басталды. Таңғы ас берілді. Балалар лагердің жабылуына үлкен дайындықпен келді. 3 апта көлемінде үйренген билерін билеп, әндерін айтты. Ең бірінші қыздардан құралған флешмоб шымылдықты ашты. Кейін Мақсұтбек Нұртілеудің орындауында «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды. Мерей мен Айым «Ләйлім» әнің орындаса, лагерь қонағы Айзере Үнді биін биледі. Шымылдықты ұлдардан құралған топ «Ана» әнімен жапты. Соңында балаларға лагерь жетекшісі Г.Т.Джакупова алғыс білдіріп, тәттілер табыстады.
Күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге оралды.
Күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге оралды.









