10
июль
2024
«Ұлттық құндылық» бағыты бойынша «Ұлттық ойындар» күні өткізілді
10 шілде "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес «Ұлттық құндылық» бағыты бойынша «Ұлттық ойындар» күні өткізілді. Лагерь «Жаттығу жаса, бой сергіт!» бой жазу жаттығуларынан басталды. Таңғы ас берілді. Оқушылар ашық аспан астында «Ұлттық ойын ойнайық» тақырыбында ұйымдастырылған қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жарысты. Ұлттық ойындар: Ханталапай, асық ату, бес тас, арқан тартыс, тақия тастамақ, жұптасып тартысу, жаңылма. Балаларға қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындары арқылы қазақтың салт-дәстүрі , әдет-ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге тарқасты.
Күн соңында қозғалмалы ойындар ойнатылды. Кейін түскі ас беріліп, балалар тамаша көңіл-күймен үйге тарқасты.









