9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша
19.12-20.12 күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге мектебімізден 18 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Мақсұтбек Нұрай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, Құсман Ақтанби химия пәні бойынша ІІ орын; Ахметкәрім Тахмина Қазақстан тарихы пәнінен, Омарбекова Бақыт физика пәні, Ермұхамет Алуа биология пәні, Джакупова Айерке құқық негіздері пәнінен ІІІ орын иеленді. Жүлдегер оқушылар мен жетекшілерді құттықтаймыз!