«Бұрымды қыз» атты танымдық сағаты
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталығы» аясында мектебімізде қыздар мен аналарының қатысуымен «Бұрымды қыз» атты танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Шаш күтімі туралы кеңес беру.Халқымыздың ұлттық қыз,келіншектердің шашына тағатын сәндік бұйымдары туралы түсініктерін кеңейту. Халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу. Мектеп оқушыларына арналған сәнді шаш өру үлгілерін үйрену. Танымдық сағаты барысында қыз баланың көркі шаш екендігі, шашты күтіп өсіру жайында түсіндірме жүргізілді.