"Ұрпақ болашағы-ұстаздан", "Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас"
Бүгін мектебімізде информатика пәнінің мұғалімі Бердібекова Мөлдір Күнтуғанқызының ұйымдастыруымен "Ұрпақ болашағы-ұстаздан", "Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас" тақырыбымен тәжірибелі ұстаздар мен жас ұстаздар арасында кездесу өткізілді. Ұрпақтар сабақтастығы бағытындағы осынау іс-шара барысында тәрбиелік мәні бар түрлі жағдаяттар келтіріліп, қатысушылар арасында мағыналы сұхбат жүргізілді. Аға ұстаздар өз тарапынан жас толқынға тәлімгерлік кеңес беріп, ұрпақ тәрбиесі жолындағы ортақ істе