14
декабрь
2023
"Ұрпақ болашағы-ұстаздан", "Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас" тақырыбымен тәжірибелі ұстаздар мен жас ұстаздар арасында кездесу өткізілді
Бүгін мектебімізде информатика пәнінің мұғалімі Бердібекова Мөлдір Күнтуғанқызының ұйымдастыруымен "Ұрпақ болашағы-ұстаздан", "Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас" тақырыбымен тәжірибелі ұстаздар мен жас ұстаздар арасында кездесу өткізілді. Ұрпақтар сабақтастығы бағытындағы осынау іс-шара барысында тәрбиелік мәні бар түрлі жағдаяттар келтіріліп, қатысушылар арасында мағыналы сұхбат жүргізілді. Аға ұстаздар өз тарапынан жас толқынға тәлімгерлік кеңес беріп, ұрпақ тәрбиесі жолындағы ортақ істе шығармашылық табыстар тіледі.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма









