04
апрель
2024
“Көзқарас. Ұрпақтар сабақтастығы” тақырыбында кездесу
Бүгін мектебімізде “Біртұтас тәрбие сабақтастығы -білімді ұрпақ” жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес “Көзқарас. Ұрпақтар сабақтастығы” тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге шақырылған зейнеткер ұстаз Г.М.Абдуллина өзінің еңбек жолындағы ерекше тебірентерлік сәттерімен бөліссе, жас ұстаз А.С.Кабышева ұстаздық жолды таңдауда ықпал еткен тәлімгері жайлы мақтана әңгімеледі. 10-сынып оқушысы Мақсұтбек Нұрай ұлы Абай атамыздың тәрбиелік мәні зор қара сөздерін оқыды. Кездесуге қатысқан оқушылар қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолындағы қызықтырған сауалдарына жауап алды.









