15
ноябрь
2024
Қаныш Сәтбаевтың азаматтық және адамдық өсу жолдарын жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында «Ғылым негіздерін кіріктіре оқыту арқылы ұлттық құндылықтар мен инновациялау мәселелерін шешу» атты кіріктірілген сабақ өткізілді.
Қазақ ғылымының бірегей тұлғасы Қаныш Сәтбаевтың азаматтық және адамдық өсу жолдарын жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында «Ғылым негіздерін кіріктіре оқыту арқылы ұлттық құндылықтар мен инновациялау мәселелерін шешу» атты пәндер онкүндігінің аясында 10«А» сыныбында қазақ әдебиеті мен химия пәндерінен кіріктірілген ашық сабақ өткізілді (М. С Бердибекова, Ш .Х Хамитова). Қаныш Сәтпаевтың өмір жолынан «7 дерек» таныстырылым түрінде келтіріле отырып, сабақ барысында M. Сәрсекеевтің «Қазақтың Қанышы» роман - эссесіндегі ғалымның көркем образы өмір шындығымен байланыстыра отырып, топта талқыланды. Қаныштың шыққан ортасы жайында, бойындағы ұлттық құндылықтарды анықтауда тұжырым картасы, «фраэр моделі» тәсілдері қолданылды. Сабақта «жасанды интеллект» көмегімен дайындалған Қ.Сәтпаев бейнесін «сөйлету» арқылы ғалымның еңбек жолы таныстырылды.
АKT құралдары тиімді пайдаланылып, оқушылар «Сәтпаев гладиолусы» гүлінің 3Д бейнесін ұсынды.
Сабақты қорытындылау мақсатында электронды тақтада «Wordwoll» платформасымен қорытынды тест орындалды.
АKT құралдары тиімді пайдаланылып, оқушылар «Сәтпаев гладиолусы» гүлінің 3Д бейнесін ұсынды.
Сабақты қорытындылау мақсатында электронды тақтада «Wordwoll» платформасымен қорытынды тест орындалды.









