21
ноябрь
2024
"Қазақ тарихындағы демографиялық өзгерістер және оның биологиялық салдары" тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.
2024 жылдың 21 қараша күні тарих пәнінің мұғалімі Л.Т.Толеугазинова, география пәні мұғалімі Г.М.Бейсембаева , биология пәнінің мұғалімі Г.С.Тунгатова "Қазақ тарихындағы демографиялық өзгерістер және оның биологиялық салдары" тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.
Мақсаты : Қазақ тарихындағы демографиялық өзгерістермен таныстыру, демократиялық өзгерістердің адам денсаулығына әсерін түсіндіру, пәнаралық байланысты дамыту, ұлттық құндылықты дәріптеу.
Сабақ барысында түрлі түсті қалпақтар арқылы психологиялық ахуал қалыптастырып, оқушыларды асықтармен топқа бөлді. Өткен сабақты еске түсіріп, қайталау мақсатында " миға шабуыл" әдісімен оқушылар қоржындағы сұрақтарға жауап берді. "Кроссенс" әдісімен сабақ тақырыбы анықталды. Сабақта "Жасанды интеллект" ,"Дрейф", "Кластер", "Ақпараттық графика" әдістерімен " Тарих", "Биология", "География " топтары топтық тапсырманы орындап тарихи кезеңдердегі демографиялық және биологиялық өзгерістерді анықтап тұжырымдама жасады.
Сабаққа қорытынды жасауды "Wordwall" платформасымен тест тапсырмаларын орындады. Оқушылар домбыра әдісімен өздерін бағалап, түрлі түсті қоржындарға асық салу арқылы кері байланыс жасады.
Кіріктірілген сабақ оқушыларға қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын, демографиялық өзгерістерін және биологиялық салдарын талдап, пәнаралық байланысты нығайтты