14
февраль
2024
Ұлттық құндылықтар - ел болашағы
Ұлттық құндылықтар - ел болашағы. Мектебімізде 3 «Б» сыныбымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, құндылықтар-біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған мұра екенін түсіндіру. Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті” дей отырып оқушы, ата- ана бірлесе отырып өткізілді. Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында амандасудан бастап, шаттық шеңберін құрып, ұлттық мүдде, ар- ұят, талап деп үш топқа бөлінді.. Сөз табу әдісімен ұлттық тілімізден құнды сөздерді тапты, оған мағанасын ата аналар түсіндіре білді, сонымен қатар пирамида құру, ұлттық тағам, ойын, киімдерді таныстырды, осыған орай қазақтың ұлттық аспаптарынан орекстр құрып сергіту сәті өтті, барлығы бірлесе отырып ұлттық киімдерді қағаздан ойып таныстырды. Соңында өткізілген іс- шарадан алған әсерлері туралы айтып өтті.
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма