01
март
2024
«Мамандығым-мақтанышым» ардагерлер мен жас мамандар кездесу кеші
Мектебімізде ардагерлер мен жас мамандар арасында танымды диалог құру, өзара ынтымақтастық атмосферасын орнату, тәжірибе алмасу мақсатында «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында ардагерлер мен мектебіміздің жас мамандары арасында сыр сұхбат түрінде кездесу кеші өтті. Кешті мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Д.Енсенова жүргізді. Кешке зейнеткерлік демалыстағы ардагерлер, сонымен қатар Кезеңсу мектебінің ардагерлері арнайы шақырылды. Кеш барысында тәжірибелі ардагерлеріміз жас педагогтермен өздерінің еңбек жолдарындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Шара барысында жас ұстаздар өздерін толғандырған сұрақтарға да жауап алды. Кеш соңы ардагер ұстаздар мен қызметкерлерге арналған мерекелік концертке ұласып, келген қонақтар оқушылар өнерін тамашалады. Көктемнің алғашқы күндерімен бірге аталып өткен бұл кешті мектеп директоры М.Е.Бейсембаева қорытындылап, зейнет жасындағы ардагерлерімізге, ұстаздарына құрмет көрсетіп, алғысын білдірді. Келген қонақтар іс-шара ұйымдастырып, елеп-ескеріп жатқан мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.