15
февраль
2023
7-8 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі
8 ақпан күні жаратылыстану-математика (математика, физика, химия, биолоия, география, информатика) және қоғамдық-гуманитарлық (Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті) бағыттарында 7-8 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға мектебімізден 16 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарды иеленді.Атап айтсақ, Оразбекова Фатима ағылшын тілі пәнінен (жетекшісі: А.Е.Солтанова) І орынды жеңіп алса, ІІ орын алғандар: Есенханқызы Тоғжан физика (жетекшісі: А.Б.Тусупова), Айтбай Азамат информатика (жетекшісі: М.К.Бердібекова), Ахметкәрім Тахмина Қазақстан тарихы (жетекшісі: Л.Т.Толеугазинова); ІІІ орын алғандар: Ерсерік Аружан орыс тілі мен әдебиеті (жетекшісі: К.М.Амренова), Абдрахманова Аяжан математика (жетекшісі: Г.С.Мухамедиева), Аписарова Назерке география (жетекшісі: Г.М.Бейсембаева), Токтаганова Еркежан химия пәні (жетекшісі: М.С.Бердибекова). Жеңімпаз бен барлық жүлдегерлерді, жетекшілерін құттықтаймыз!!!