06
март
2024
“Анам, әжем және мен” ертеңгілік
Мектебімізде 6 наурыз күні аналар, әжелер, қыздар мерекесіне орай мектепалды даярлық 0 “А” сыныбында “Анам, әжем және мен” тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: балаларға көктем туралы, 8-наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ана мен әженің орнын, анаға, әжеге деген құрметті ұғындыру. Ертеңгілік барысында ата-аналармен қызықты, түрлі ойындар өткізілді. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, аналары мен әжелеріне арнап “Қуыршақ” биін биледі. Ертеңгіліктің соңында ұлдар сыныптың қыздарына сыйлықтарын табыстады.