09
февраль
2022
"Өзгеріс маусымы - 2022"
Ағымдағы жылдың 09 ақпанында Жарма ауданы Жастар үйінің ұйымдастыруымен "Өзгеріс маусымы - 2022" 1/8 финал Жайдарман ойыны өтті. Барлығы 9 команда өз өнерлерін ортаға салды. Шараның мақсаты: жастардың патриоттық тәрбиесін сонымен қатар, жауапкершілікпен интеллектуалдық ой-өрістерін қалыптастыруға мүмкіндік жасау. Нәтижесінде мектебіміздің "Aбай KZ" құрама командасы келесі кезеңге жолдама алды. "Үздік әзіл" номинациясын жеңіп алғаны үшін 7А сынып оқушысы Төлеухан Мансур марапатталды.