10
февраль
2025
Республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 10 ақпанында К.Шакенов атындағы орта мектебінің базасында бастауыш сынып оқушыларының математика пәні бойынша білімін тереңдету, кеңейту, олимпиадалық резерв қалыптастыру, танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында 2-4 сынып оқушылары арасында республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың аудандық кезеңіне 114 оқушы 38 команда қатысты. Нәтижесінде: мектебіміздің командасы жүлделі І орынға ие болды, жетекшісі Г.Ш.Турсынканова. Құттықтаймыз!









