10
январь
2025
10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық “Алтын түлек” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
Математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтап, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру мақсатында өткен 10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық “Алтын түлек” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Мектебімізден "Алтын түлек" олимпиадасына 11-сынып оқушылары қатысып, нәтижесінде Айгожанова Дильназ, Құсман Ақтанби, Мақсұтбек Нұрай ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Ж.Т.Самыжан. Құтты болсын!!!









