16
январь
2025
«"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" сурет көрмесі
Мектебімізде 14 желтоқсан күні бастауыш сынып мұғалімі Ш.С.Самарханова, мектеп тәлімгері А.Ө.Рамазанның ұйымдастыруымен «"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында сурет көрмесі өтті. Мақсаты – балалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, олардың әділдік пен адалдыққа деген көзқарастарын нығайту, сондай-ақ шығармашылық арқылы өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру. Көрме арқылы балалар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы ақпарат алып, бұл мәселеге қарсы тұрудың маңыздылығын түсінеді. Сонымен қатар, көрме жас ұрпақты заңға бағыну мен әділеттілік құндылықтарына тәрбиелеуге, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.











