10
январь
2025
"Жемқорлықсыз қоғамға қадам" дөңгелек үстелі
"Жемқорлықсыз қоғамға қадам" тақырыбында 11-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, әділдік, жауапкершілік секілді құндылықтарды насихаттау. Дөңгелек үстел барысында жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның салдары мен алдын алу жолдары талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру жолында жастардың рөлін ерекше атап өтті. Шара сұрақ-жауап форматында өтіп, оқушылар белсенді түрде пікір білдірді.









