06
июнь
2024
"Отбасы аясында" тақырыбында іс-шара өткізілді
6 маусым күні "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес таңғы бой жаттығулары жасалды. Таңғы астан кейін топтарға Ұлттық құндылық бағыты бойынша "Отбасы аясында" тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балалардың отбасы, отбасы мүшелері, отбасы құндылығы, дәстүрі жайлы ұғымдарын кеңейту.Отбасына деген құрмет, отбасы мүшелерін сыйлау, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Отбасы мүшелері бір-бірлеріне жүрекжарды тілектерін айтып, "Кім жылдам" атты мақал-мәтел сайысында өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар "Менің Отбасым" тақырыбында сурет сайысына қатысып, отбасына арналған жылы лебіздерін сурет арқылы жеткізді. Додокаэдр арқылы отбасы мүшелері, отбасы дәстүрлері,отбасы құндылықтары жайлы бір-біріне сұрақтар қойылды. әртүрлі ойындар ойнатылды. Іс-шара соңында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Топ ішінде әр топ бойынша іс-шаралар өтіп, үйірме жұмыстары жүргізілді.