08
февраль
2023
Жарма ауданының қорғаныс істері
Бүгін мектебімізде Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау топ бастығы майор Саябаев Меирхат Муратказыевич пен Жастар үйінің директоры Есенқан Рауан Какимжанович 9-11 сынып оқушыларымен ҚРҚМ әскери оқу орындарына түсу ережелерін түсіндіру бойынша әңгіме өткізді. Іс-шара барысында Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелген 2006 жылы туған азаматтарға салтанатты түрде тіркеу куәліктері табыс етілді.