01
октябрь
2024
1 қазан қарттар күні
Мектебімізде 1 қазан қарттар күні мерекесіне орай мектеп тәлімгері Ж.Е.Аубакирова "Қарттарым-менің асылым" тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен қаламыздағы қарияларымыздың бірі Мухамедиев Серікқазы атамыз, Гауһар апамызды мерекелерімен құттықтап, өз қолдарымен дайындаған ашық хаттарын табыстауға барды. Мақсаты: өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға, аталы сөзден ғибадат алуға үйрену, үлкенді сыйлауға,инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Қарт анамыз балаларға риза болып жүрекжарды лебізін білдірсе, атамыз ақ батасын берді
Қарт анамыз балаларға риза болып жүрекжарды лебізін білдірсе, атамыз ақ батасын берді









