Тәуелсіздік күні » "Абай атындағы мектеп-балабақша кешені" КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы мектеп-балабақша кешені"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72345)2-18-46
Есепші бөлімі:
+7(72345)2-10-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына Қош келдіңіздер!
Слайдер лента
Фото 1 Фото 2 Фото 3 Фото 4 Фото 5 Фото 6 Фото 7 Фото 8 Фото 9 Фото 10 Фото 11 Фото 12 Фото 13 Фото 14 Фото 15 Фото 16 Фото 17 Фото 18 Фото 19 Фото 20 Фото 1 Фото 2 Фото 3 Фото 4 Фото 5 Фото 6 Фото 7 Фото 8 Фото 9 Фото 10 Фото 11 Фото 12 Фото 13 Фото 14 Фото 15 Фото 16 Фото 17 Фото 18 Фото 19 Фото 20
15
декабрь
2018

Тәуелсіздік күні

03.12.2018 жылы «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағаттары дөңгелек үстел, әңгімі, ой-пікір түрінде өткізілді. Тәрбие сағаттарында оқушылар топқа бөлініп, шаттық шеңберін құрып, тақырыппен таныстырылды. Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үңсіздік жарияланды. Желтоқсан оқиғасы туралы презентация көрсетіліп, деректі фильмдерден үзінді көрсетілді. 

05.12.2018 жылы «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» тақырыбында 1-8 сынып оқушылар арасында суреттер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 40 оқушы қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша 5 А сынып оқушысы Мақсұтбек Нұрай, 1 сынып оқушысы Сергазин Ислам – 1 орын, 7а сынып оқушысы Каденова Жансая, Айгужанова Дильназ – 2 орын, 1 А сынып оқушысы Қайрат Алижан, 4 Б сынып оқушысы Ермухамет Алуа – 3 орынға иеленді.

06.12.2018 күні «Сүйемін туған, елімді дархан» тақырыбында 3 тілде шығарма байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5-11 сынып оқушыларынан 18 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 7 А сынып оқушысы Есенгелдинова Ардақ қазақ тілі пәнінен 1 орын, 6 А сынып оқушысы Жаңбырбаева Нұрай 2 орын, 7 А сынып оқушысы Ахметкәрім Талшын 3 орын, орыс тілі пәні бойынша 8 А сынып оқушысы Қаржас Аружан 1 орын, 7 А сынып оқушысы Мұхаметқали Медина 2 орын, 6 А сынып оқушысы Бехтеолов Әмір және 11 А сынып оқушысы Турсунгалиева Дина 3 орын иеленді. Ағылшын тілі пәні бойынша 11 А сынып оқушысы Бектұрғанова Қымбат 1орын, 8 А сынып оқушысы Смаилова Елназ және 10 А сынып оқушысы Жаркен Айжан 2 орын, 11 А сынып оқушысы Кустумбаева Ақбота 3 орынға ие болды. Үш тілде өткен шығармалар сайысына мектеп оқушылары белсене қатысып, өз мүмкіндіктерін сынап көрді.


 


07.12.2018 жылы Мектебімізде 7-9 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік тұғырым» атты дөңгелек үстел өтізілді. Оқушылар ат салыса қатысып әркім өз ойын ақтарды. Бірінші кезекте «Желтоқсан құрбандары» тақырыбына бейне таспа қосылып, слайд көрсетілді. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, желтоқсан құрбандарына жекелей тоқталды. Әр сынып тақырыпқа сай өлең жолдарын оқыды. Желтоқсан құрбандарына арнап көрме ұйымдастырылды. Соңында оқушыларды топқа бөліп «Гүлдене бер-Қазақстаным!» тақырыбына шығармашылық жұмыс берілді. Оқушылар қызығушылықпен орындады.
10.12.2018 жылы «Жас қыран», «Жас ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына үздік, дарынды оқушыларды қабылдау рәсімі өткізілді. Жас қыранға 15 оқушы, Жас ұланға 20 оқушы қабылданды. Барлық ұйымға қабылданған 35 оқушы .

11.12.2018 жылы 2018 жылдың 13 желтоқсан күні мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік-Мәңгілік ел тұғыры» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханада еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған кітап көрмесі жасалды. Көрменің басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. Көрмеде еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің тарихын баяндайтын саяси күресі, Тұңғыш Президенттің ғибратты ғұмыры, елмен етене өмірі, еліміздің егемендікке жету жолы, мемлекет құру, экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, ынтымақшыл ел жасау жолындағы қасиетті тарихымыз, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін айқындайтын әдеби туындылар қойылған.

13.12.2018 жылы «Желбірей бер тәуелсіздік байрағы» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кеште оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, белсенділік көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары «Отаным Қазақстан!» әнін хормен айтып, 5-8 сынып оқушылары әдеби-монтаж, 9-10 сынып оқушылары «Жастардың алаңға шығуы» атты көрініс қойып, 3 б сынып жетекшісі оқушыларымен «Нұр-Аға » әнімен ән шашу шашты. Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасы баяндалатын бейне жазба көрсетіліп, қазақ биі биленіп, тақырыптық әндер айтылды.

14.12.2018 жылы «Менің Қазақстаным- менің болашағым» тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Тәуелсіздік күніне арналған 10 күндікте өткен іс-шаралдарға белсене қатысқан мектеп оқушылары мақтау қағазымен марапатталды.

Фотогалерея
Тәрбиеші уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланады!Мектебімізде 05 сәуір күні “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті. Білім ошағының маңы тазаланып, абаттандырылды. #таза_қазақстан_абай_облысы @abai_bilim_basqarmasy @berikualiҮйірме жұмыстарыСекция жұмыстары"Терроризм - адамзатқа төнген қауіп" түсіндірме жұмысы4-тоқсанның басталуыТәрбиеші уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланады!Қош келдің, әз Наурыз!Наурыз-2025
Күнтізбе
«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз