01
май
2022
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі
Мектебімізде 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, "Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені" атты апталық жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес, 26 сәуір күні бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен "Бояулар құпиясы" тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Көрменің мақсаты балаларға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
бейнеролик
бейнеролик