05
сентябрь
2024
«Тілдер шеруі»
5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдер күні мерекесін өткізу және мерекеге орай 05.09-05.10.2024ж аралығында өткізілетін «Тілдер шеруі» айлығының ашылуы өткізілді. Айлықтың ашылуы барысында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мерекеленді. Қазақ тіл білімінің атасы-Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, еңбегі оқушыларға баяндалды.
«Сәлем-сөздің атасы»,-демекші әр тілде амандасу бұрышы құрылып, оқушылар және ұстаздар өздерінің білетін тілдерінде сәлемдесуді жазып қалдырды.
Тілдер мерекесі құтты болсын!
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма