06
май
2022
"Ардагерге ашық хат" сыйлау патриоттық сағаты өткізілді
Мектебімізде 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Жеңіс күнін мерекелеу аясында алғашқы әскери дайындық технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Г.М.Кушербаеваның ұйымдастыруымен "Ардагерге ашық хат" сыйлау патриоттық сағаты өткізілді. Мектеп оқушылары қолдан жасалған ашық хаттарын ардагерлерге жылы лебіздерін білдіру арқылы табыстады.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі!