17
март
2021
14-23 күні жалпыхалықтық Наурыз мерекесін тойлау аясында "Bauyrsak party" шарасы ұйымдастырылды.
Мектебімізде 14-23 күні жалпыхалықтық Наурыз мерекесін тойлау аясында "Bauyrsak party" шарасы ұйымдастырылды. Бауырсақ – қазақ дастарқанының басты наны. Олардың “ши бауырсақ”, “қатырма бауырсақ”, “шелпек”, "жалпақ бауырсақ", "май бауырсақ", "шай бауырсақ" т.с.с. бірнеше түрі бар, себебі бауырсақ – қиялыңыз жеткенше көсілуге ерік беретін, әрі дайындалуы қарапайым тағам. Қазақта «Ас — атасы нан»деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені — нан. Бұл шара бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді.









