29
март
2024
IIІ тоқсан қорытындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысы
Мектебiмiзде IIІ тоқсан қорытындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында Күн тәртібіндегi мәселелер мектеп директоры Бейсембаева Меруерт Ертаевнаның басшылығымен толықтай қаралды. Мектеп басшысы ата-аналар қауымының өзекті сұрақтарына жауап беріп, мектеп пен білім алушылардың жетістіктері жайлы баяндады. Сондай-ақ, әрдайым оқушылардың өмір және жол қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтті. Оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналарға көктемгі каникул кезінде қауіпсіздік тұрғысында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы ата-аналар жиналысынан кейін әр сынып жетекші өз сыныбының ата-аналарымен жиналыс өткізіп, төмендегі мәселелер бойынша тоқталды. Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер:
1. ІІІ тоқсан қорытындысы;
2. Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
3. Демалыс уақытындағы бос уақытты тиімді пайдалану.
Бiлiм алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру,каникул кезінде қауіпсіздік ережелерін басты назарда ұстауды, үйірмелер мен секциялар жұмысы т.б. маңызды сұрақтарды көтеріп, ақпарат берді.
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма