17
ноябрь
2023
"Әлем балалар көзімен"
Ағымдағы жылдың 17-қараша күні «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында мектеп тәлімгері Ж.Е. Аубакированың ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушылары арасында балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жағдай жасау, сурет салу арқылы өз сезімдерін білдіруге қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Әлем балалар көзімен" тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.