28
декабрь
2023
«Жаңа жылға саяхат» атты мерекелік шырша
Мектебімізде 2-4 сынып оқушыларымен «Жаңа жылға саяхат» атты мерекелік шыршасы өткізілді. Жаңа жылдық шырша жаңа костюмдер киген (қоян, жүрек, аю, балапан, айдаһар) кейіпкерлермен ерекшеленді. Жаңа жылдың көркі Аяз ата мен Ақшақардың келуі балалардың көңілін қуанышқа бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар әсем шамдар жағылған шыршаны айналып би билеп, ән шырқап, өлең оқыды.
Мереке соңында мектеп директоры М.Е. Бейсембаева өз құттықтау сөзін айтып, санаулы уакытта табалдырықтан аттағалы тұрған жаңа жылмен құттықтап өтті.
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма