07
декабрь
2023
"Әжелер мектебі" жоспарына сәйкес «Бесік жыры - бар тәлімнің бастауы» атты танымдық сағаты
Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру, отбасында әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында мектебімізде "Әжелер мектебі" жоспарына сәйкес «Бесік жыры - бар тәлімнің бастауы» атты танымдық сағаты өткізілді. Әжелер мектебінде қыздарға тәлім-тәрбие беріп, білім ордасында тұлға болып қалыптасып, бүгінгі қазақ аруы, ертеңгі жар, аяулы ана, ардақты әже атануда ең алдымен тәлім мен тәрбие қажет деп есептейді. Қыз тәрбиесі, бұл - үрпақ тәрбиесі. Осы жауапкершілікті үнемі сезініп жүруге тиіс екендерін ұғындыру әжелер мектебінің басты ұстанымы. «Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды» деген екен қазақ, сондықтан да, біздің «Ең басты мақсатымыз - қазақ қыздарының тәрбиесіне көбірек көңіл белу. Қазақ қыздарына ұлттық тәрбиеден дәріс беру. Қазір өсіп келе жатқан ұрпақ өзінің ұлтының ертеңгі болашағы екенін білсін дейміз.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма