21
сентябрь
2023
“Аяласаң табиғатты аяла” тақырыбындағы экологиялық челленджі
Табиғатқа деген жанашырлықты жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында мектебімізде химия-биология пәндерінің мұғалімі Бердибекова М.С. ұйымдастыруымен “Аяласаң табиғатты аяла” тақырыбында экологиялық челлендж өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, конференция өткізілді. Мектеп маңында сенбілік өткізіліп, қарағайлар мен талдарға күтім жұмыстары жасалды. Табиғатты ең жоғары ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық деп бағалау бағытындағы игі іс-шаралар мектебімізде әлі де өз жалғасын табары сөзсіз.
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие