02
апрель
2023
«Бәріміз біргеміз!»
Сәуір айының алғашқы жексенбісін мектебіміздің 11 сынып оқушылары өздерінің сыныптас достары Бақтиярмен өткізді. 1 сыныптан бері тай-құлындай тебісіп өсіп келе жатқан балалар өте тату және денсаулығына байланысты үйден білім алып жатқан Бақтияр да олардың арасында сыйлы.
Аттай 11 жыл да өте шықты, Бақтияр ата-анасының қажыр-қайратының арқасында білім алып, биылғы жылы орта білім туралы аттестатқа қол жеткізеді. Мектебіміздің әр оқушысы адамдық құндылықтарды бойына сіңірген десек, артық болмас. «Бәріміз біргеміз!» деген қағиданы ұстанған балалар Бақтиярмен ойын ойнап, өзара әңгімелесіп, суретке түсіп, көңілін қуантып қайтты. Ана көңілі марқайып, баласының сыныптастарына зор алғысын жаудырды. Бұл өмірдегі баға жетпес байлық - сыйластық пен жан жылуы екенін ұмытпайық.