25
июль
2024
"Mектепке жол" акциясы
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» Республикалық акциясы Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2024 жылдың 1 тамыздан бастап, аяқталуы - 2024 жылдың 30 қыркүйегінде.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады.
Абай атындағы мектеп-балабақша кешені дүниесі кең, дархан көңіл, мәрт жандарды, мекеме ұйым, шаруа қожалықтары басшыларын, жеке кәсіп иелерін ауданымыздағы көмекке мұқтаж отбасы балаларына қолдау көрсетуге шақырады! Оларға Сіздің көмегіңіз қажет! Бүлдіршіндердің жүрегіне қуаныш, жүзіне күлкі сыйлау - бәріміздің азаматтық парызымыз!
#Абайоблысыбілімбасқармасы
[/center]