31
октябрь
2024
«Бала-біздің болашағымыз» тақырыбында ата-аналар жиналысы
Бүгін 31 қазан күні мектепалды «А» сыныбы тәрбиешісі Утегенова Ш.Б және мектепалды «Б» сыныбы тәрбиешісі Әлкен М.О бірлесе отырып «Бала-біздің болашағымыз» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізді. Жиналыстың мақсаты: Балалардың тәрбиесі мен дамуына ата-аналардың қатысуын арттыру, баланың болашағы үшін жауапкершілікті сезіну. Жиналыс барысы ата аналармен амандасу «Аяқ іздері» әдісі арқылы басталды. Одан әрі «Сіз қандай ата –анасыз?» қорапшадағы белгісіз суретті сипаттау арқылы әр ата-ана өзін таныстырды. Ата-аналар белсенді қатысып, тақырыпқа сай өз ойларын айтты. «Қағаздар оркестрі», «Қайшысыз бейне жасау» әдіс тәсілдері ата-аналардың көңілінен шығып, ата-ана ретінде өз іс-әрекетімен балаға үлгі бола білу керектігін түйді. Жиналыс соңында: Ата-аналарды бала дамуына белсенді қатысуға шақыру, баланың болашағы үшін бірлесіп жұмыс істеуге ынталандыру болды. Сондықтан, «Бала біздің болашағымыз» деген сөз тек ұран емес, нақты әрекетімізге айналуы тиіс.- деп жиналысты қорытындылады.









