09
февраль
2023
Ұлттық мектеп спорт лигасы аясында 9-11 сынып оқушылары (қыздар) арасында волейбол
Абай облысының Ұлттық мектеп спорт лигасы аясында 9-11 сынып оқушылары (қыздар) арасында салауатты өмір салтын насихаттау, талантты және жас спортшыларды анықтау мақсатында өткен волейболдан аудан біріншілігінде мектебіміздің қыздар командасы жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Спортшы қыздарымыздың жеңісімен құттықтап, әлі талай жеңіс шыңын бағындыратынына сенеміз! Жарайсыңдар!