25
декабрь
2020
«Лучший оқырман-2020» аудандық байқауы
2020 жылдың желтоқсанында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 8-9-10 сынып оқушылары арасында қашықтан «Лучший оқырман-2020» аудандық байқауы өтті.
Мақсаты: қашықтан оқыту форматында оқушылардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру;
көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру, тіл байлығын, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту;
жеке тұлғаның шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын кеңейту.
Байқауда оқушыларға жас ерекшеліктеріне қарай көркем әдебиеттер ұсынылды: 8- сыныпқа Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» повестері;
9-сыныпқа Ш.Құдайбердіұлының «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы, М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі;
10-сыныпқа С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы, Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» тарихи роман-диалогы.
Байқау 2 бағыттан тұрды:
-ұсынылған көркем әдебиеттер бойынша билеттер арқылы және қосымша сұрақтарға жауап;
-«Менің көзқарасым» қолөнер (ұсынылған көркем шығармалар негізінде сурет салу, портрет, бисер т.б. жұмыстар).
Мектепішілік кезеңде 2 бағыт бойынша жоғары ұпай жинаған 6 оқушы аудандық байқауға жолдама алды.
Барлығы 137 оқушы қатысты.
Байқау нәтижесінде мектебiмiздiң 9-сынып оқушысы Сүйгенбаева Наргиз I орын, 8-сынып оқушысы Омарбекова Бақыт II орын, 10-сынып оқушысы Төлеубек Ерасыл III орынды иеленді! Жүлделі орындарды алған "Үздiк оқырман" оқушыларымызға талаптарың жана берсiн деген тiлек бiлдiремiз!