20
декабрь
2022
«Окыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі»
«Окыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өткен мектеп директорының оқу ісі женіндегі орынбасары Э.Д. Енсенова курс барысында алған кәсіби құзыреттерін оқу процесінде қолдану мақсатында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында білім берудегі аналитиканың мақсаты мен міндеттерін, аналитикалық жұмыстың принциптері мен құралдарын айтып өтті. Пән бойынша оқу сапасының деңгейін анықтау ушін деректерді талдау әдістерін таныстырып, білім сапасын арттыру және оқыту тәжірибесін жетілдіру бойынша шешімдер қабылдау үшін ағымдағы бақылау деректерін талдау жолдарын көрсетті. Білім беру деректерін талдауда цифрлық құралдарды қолдану, Microsoft Excel, Microsoft Power BI мүмкіндіктерін таныстырып өтті. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ш.Х.Хамитова, Ж.Т.Абылханова «Шәкірт жетістігі-мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі» тақырыбында дарынды және қабілетті окушылармен жұмыс барысы, облыстык, республикалық конкурстарға оқушыларды сапалы дайындау тәжірибелерімен бөлісті.
Бейнеролик
Бейнеролик