12
октябрь
2024
Оқушылар арасындағы ғылыми жоба байқауы
Оқушылар арасындағы ғылыми жоба байқауы
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 8 қазанында Абай атындағы көпсалалы мектеп- гимназиясы базасында 8-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты:
-оқушыларды ғылыми-зерттеу, оқу-танымдық жұмыстарына ынталандыру;
- зияткерлік әлеуеттерін дамыту, талантты, дарынды жас зерттеушілерге қолдау көрсету, үздік зерттеулерді насихаттау.
Нәтижесінде: «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», секциялар- математика, қолданбалы математика, информатика, экономика бағыты бойынша мектебіміздің 11-сынып оқушысы Мақсұтбек Нұрай жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі математика пәні мұғалімі - Ж.Т.Самыжан. Нұрай облыстық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!!!
#абайоблысыбілімбасқармасы