27
март
2024
«Алтын қазына» республикалық көрме байқауының аудандық кезеңі
Білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру, балаларды қосымша біліммен қамту мақсатында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 7 номицация бойынша 4 оқушының жұмысы жіберілді. Нәтижесінде «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясында 8-сынып оқушысы Еңсенова Айзере Квиллинг «Сезім пернесі» жұмысымен І орын, «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясында «Этностильдегі қазақ көйлегі» жұмысымен Аписарова Назерке ІІ орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Э.Д.Енсенова. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтаймыз.
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма









