24
март
2023
І облыстық «Жас жұлдыз» балалар шығармашылық фестиваль-байқауының аудандық кезеңі
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дарынды балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында өткен І облыстық «Жас жұлдыз» балалар шығармашылық фестиваль-байқауының аудандық кезеңінде хореография номинациясы бойынша мектебіміздің «Әй-Керім» би тобы қазақ биімен 13-15 жас аралығы бойынша І орынды жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Г. М. Бейсембаева.
Сонымен қатар, 7 «Б» сынып оқушылары 13-15 жас санаты бойынша «Заманауи ырғақ» биімен ІІ орынды, 5 «А» сынып оқушыларынан құралған, 10-12 жас санаты бойынша «Адай» биімен ІІ орынды жеңіп алды!
Бүгінгі бала- ертеңгі азамат. Бала тәрбиесі - баршаға ортақ ic, себебі жақсы адамдар жақсы ортаның тәрбиесінен сусындап өспек. Баласының болашағына көреген көзбен қараған ата- ананың жүрегінің көзі бар. Мектептегі білім мен тәрбиеге жауапкершілік артады. Эстетикалық талғамының өсуіне ата-аналар қолдауы керек-ақ. Мектебіміздің мың бұралған Әй-КЕРІМ бишілері сахна сәнін келтіріп аудан, облыс аумағына атағы жайылып, қанат қағып жүргендері баптаған мұғаліммен қатар, әрине, отбасындағы ата- аналардың сенімі мен қолдауы. «Ай-керім» би тобы тағы бір мәрте облыстық сайысқа жолдама алып отыр. Балалардың жарқылдаған киімдері мен әсем қимылдарының астарында қажырлы еңбек жатыр. Мектебімізге , окушыларымызға колдау көрсетіп, өнерлі ұрпақ тәрбиелеп жатқан ата- аналарға мектеп ұжымы зор алғысын білдіреді.