23
май
2023
Саят Қамшыгердің шығармаларына арналған аудандық байқау
Жас дарындардың поэзия, өлең сөзінің құдіретін сезіне білуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен ақын Саят Қамшыгердің шығармаларына арналған аудандық байқаудың «Менің пірім - поэзия» бағыты бойынша мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Енсенова Гүлден ІІ орын иегері атанып, сыйлыққа Саят Қамшыгердің туындысы, өз қолтаңбасы қойылған «Ұлы дала батырлары» кітабын алды. Сонымен қатар, жерлес ақынымыз мектеп кітапханасына «Биші қайыңдар» атты екі томдық кітабын сыйға тартты.









