27
ноябрь
2023
"Жас дарын" орталығының жұмыс жоспары аясында өткізілген мектепішілік пән олимпиадасы
2023-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарына сәйкес және "Жас дарын" орталығының жұмыс жоспары аясында өткізілген мектепішілік пән олимпиадасы қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Мектепішілік олимпиада мақсаты: оқушылар білімін пысықтау, үздіктерді іріктеу. Олимпиадаға 2-11 сыныптан 189 (88%) оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысымен 28 оқушы І орын, 36 оқушы ІІ орын, 47 оқушы ІІІ орынды иеленді.